«Бизнес бастауға» 4000 адам оқуға жолдама алды

Screenshot_12.jpg

2020 жылдың 10 маусымнан бастап «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік жүргізу негіздеріне арналған оқытудың тегін курстары басталатын болған еді. Мемлекеттік грант бойынша маусым айына 1000 адамға қаралған тиісті қаржы төленетін болды.

Мемлекеттік грантқа байланысты тиісті жұмыстар жыл бойы жүргізілетіндіктен, грантқа құжат қабылдау шілде айының 6-нан бастап жалғасатын болады.

Грантқа байланысты мәселелер бойынша төмендегі байланыс телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз. "Бастау бизнеске" жолдама беру ағымдағы жылдың 10 шілдесінен басталады.

Биылғы жылға "Бастау бизнес" жобасына 1850 адамды оқыту жоспарланса, бүгінгі күнге оқуға 4000 адам жолданды. Аталған 4000 адам оқуды аяқтап, сертификат алған соң 10 шілдеден бастап екінші кезеңге жолдама берілетін болады. 

Жоба шеңберінде онлайн-оқыту үшін қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарына жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, оқудан өту туралы өтінішпен жүгінуі тиіс еді. Халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткердің мәртебесін жобаның нысаналы тобына сәйкестігі расталған жағдайда оқуға жолдама беріп отыр.

2020 жылы қабылданған карантиндік шараларды ескере отырып, "Atameken Academy" онлайн платформасы арқылы қашықтықтан онлайн-оқыту қарастырылған.         Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары оқыту қатысушылары болып табылады

Мәлімет үшін телефондар:

Қаратау ауданы:

87479726899, 87022502769, 87071069790, 87752141188, 87053516076, 87473008802, 87771053637.

Еңбекші ауданы:

87015705445, 87473491800, 87079709090, 87752389028, 87770960000, 87786015874, 87765756000, 87718284037.

Әл-Фараби ауданы:

87761764040, 87058519000, 87081791987, 87762180227, 87026967696, 87752321442, 87028224324.

Абай ауданы:

87075900789, 87752470855, 87028188009, 87760101901, 87025788794, 87786586155, 87752389028, 87716629089, 87053516076.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер