Математика пәні бойынша «бастау» турнирі онлайн форматта

Screenshot_13.jpg

Математикаға қабілетті дарынды бастауыш мектеп оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету мақсатында Шымкент қаласының Дарын орталығы ағымдағы жылдың 16-21 маусымы аралығында бастауыш сынып оқушылары арасында «Бастау» ХІІІ Республикалық математикалық турнирін онлайн режимде өткізеді.

Турнирдің негiзгi міндеттерi:

- математика саласында дарынды бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтарына қарай шығармашылық қарым-қатынас үшiн арнайы командалық жарыс түріндежағдай туғызу;

- республикалық дарынды бастауыш сынып оқушыларының ішінен математика пәні бойынша олимпиадалық резервті қалыптастыру;

- бастауыш сынып оқушыларының жеке және командалық жарыстарға қатысу дағдыларын дамыту;

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық белсенділіктерін ынталандыру, математика пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының білімдерін тереңдету және кеңейту.

Математикалық қабілеті айқын білінген дарынды бастауыш оқушыларын табу, дамыту және қолдау көрсету мақсатында жыл сайын өткізіп келеді.

«Бастау» турниріне Шымкент қаласының Дарын орталығының 2020 жылдың мамыр айында математика пәнінен 3-4 сынып оқушылары арасында өткен онлайн олимпиада жеңімпаздары қатысады. «Бастау» турнирі командалық жарыс болғандықтан қатысушыларды дайындайтын жетекшілер: Шынар Мылтықбаева, Лариса Таганашвили тағайындалды.

Бүгінгі таңда турнирдің жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз ету үшін арнайы топ жасақталды. Дайындық жұмыстары жүргізілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Устойчивый рост промышленности как основа экономической модернизации
  • Өнеркәсіптің тұрақты өсуі – экономикалық жаңғыртудың негізі
  • В Шымкенте торжественно открылся новый учебный корпус военного колледжа имени Сабыра Рахимова
  • Шымкентте C.Рахымов атындағы әскери колледждің жаңа оқу корпусы ашылды
  • Официальный визит Президента К.Ж.Токаева в Китайскую Народную Республику завершился
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер