Ішкі көшелер жөнделіп жатыр

Screenshot_3.jpg

Шымкенттегі Қ.Қазиев көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер жолы түсетін жерде жұмыстар қызу жүріп жатыр.

Бір жеті бұрын құрылысы басталған бұл учаскеде жиек тастары орнатылыпты. Бұл көше арқылы қоғамдық және жүк көліктері көп жүреді, сондықтан жаяу жүргіншілер жолын қарастырылғаны дұрыс болды дейді тұрғындар.

«Тротуар салып жатыр, оқушылар жүретін болды. Лоток болмайды екен. Су төмен көшеге ағады»,- дейді  көше тұрғыны Сапария Елеуова.

Орта жөндеу жұмыстары Қ. Қазиев көшесінің Мәделі қожа мен Т. Рысқұлов көшелері аралығындағы  жол бөлігінде  жүргізілуде. Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, жобалық — сметалық құжатта ирригациялық жүйелер қарастырылмапты.

 «Орта жөндеу  жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолдың жоғарғы қабаты алынып, екі қабат асфальт түседі. Жолдың екі  бетінде жаяу  жүргіншілер жолын салып жатырмыз»,- дейді мердігер мекеменің өкілі Жақсылық Намазбеков.

Жол құрылысы шаһардың негізгі көшелерінде ғана емес, қаланың іргесіндегі шағынаудандарда да жүргізілуде. Қайтпас-2, қазіргі атауы Ақ жайық шағынауданында биыл 8 шағын көшенің жолы тегістеледі. Жөндеу жұмыстарына бюджеттен 108 млн. теңге бөлінген.

 «8 көшенің 5-уін бітіріп жатырмыз. Кесте бойынша айдың соңына дейін жолдарды асфальттеп береміз. Сосын, «Достық -2″  шағынауданындағы  8 көшені жөндеуге кірісеміз»,- учаске бастығы Базар Файзуллаев.

Ал Мырзабеков көшесінде ені небәрі бір метрлік жаяу жүргіншілер жолы түседі. Қазір мұнда төселген тас нығыздалып, тегістелуде. Бір жетіде асфальт төселеді. Бастысы, тұрғындар су, кәріз жүйесі тартылғаннан кейін жолдың жөнделіп жатқанына риза.

Бұдан бөлек, Тұран шағынауданында 13 көшеде де құрылыс жұмыстары қарқынды. Оған 2 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Жоспар бойынша жұмыстар 2021 жылы аяқталады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер