М.Әйтенов: Қыркүйекте таза қалада серуен құрамыз

Screenshot_4.jpg

«Шымкенттің инфрақұрылымын жетілдіру бағытындағы жұмыстарға қалалықтар түсіністікпен қарауы тиіс. Шаһар орталығындағы жолдардың құрылысын тамызда аяқтасақ, қыркүйекте таза қалада серуен құрамыз», — деп уәде берді «Нұр Отан» партиясының қалалық филиал төрағасы саяси кеңесі мәжілісінде.

«Жұмыспен қамту жол картасы аясында бөлінген қомақты қаржы мерзімінде игерілуі үшін барлығымыз жұмылып білек сыбана жұмыс істеуіміз керек», — деп атап өтті қала әкімі Мұрат Әйтенов.

«Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының саяси кеңесі мәжілісінде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы қызу талқыланды. Әсіресе жол құрылысы. Қалада қызу жүріп жатқан құрылыстарға қатысты сын-ескертпелер де айтылды.

 «Қала  аумағында қызу жүргізіліп жатқан құрылыстар — бұл бөлінген қаржыны игеру. Жұмыс орындары. Адамдарда қаражат жоқ. Бұл оңай шаруа емес. Адамдарды жұмыспен қамту бойынша Елбасы тапсырма берген. Жұмыспен қамту жол картасы аясында елімізде 1 трлн. теңге бөлініп отыр. Ондай мүмкіндікті жіберіп алмауымыз керек. 45 млрд. теңге көше жолдарын жөндеуге, веложолдар салуға бөлінді. Қаланы мен де аралаймын, тұрғындардың қиналып жүргенін мен де көріп жүрмін. Қомақты қаржы бөлінгенде барлығын бір мезетте жасап алғанымыз дұрыс емес пе? Тамызда құрылысты аяқтасақ, тамыз-қыркүйекте таза қалада серуен құрамыз»,- деді М.Әйтенов.

Кеңесте «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарлама аясында қаланың инфрақұрылымын жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есеп те баяндалды. Қала аумағындағы елдімекендерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және абаттандыру мақсатында құны 116,8 млрд. теңгені құрайтын 113 нысанның құрылысы мен күтіп ұстау жұмыстарына бюджеттен 40,42 млрд. теңге бөлінген.

 «Ауыз су бойынша 27 нысан 9,1 млрд,  кәріз жүйесі бойынша 10 нысаннға 1,7 млрд. теңге тебөлінді. Жол бойынша 13 нысанның құрылысына  2 млрд. теңге бөлінген»,- дейді  Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шрауашылық басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұрлан Жаманкөз.

Биыл 69 нысанның жұмыстарын аяқтау көзделген. Қалған 44-інің жұмыстары 2021 жылға өтпелі. Басқармаға 19 мемлекеттік бағдарлама аясында бюджеттен 53,1 млрд. теңге бөлінген. Оның әрбірі тиісті деңгейде жұмсалады деген жауаптылардың есебіне саяси кеңес мүшелері оң бағасын берді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер