Түркістан көшесі кеңейіп жатыр

Screenshot_2.jpg

Биыл Шымкентте 256 көше орташа және күрделі жөндеуден өтеді. Солардың бірі - Әл-Фараби аумағында орналасқан Түркістан көшесінде (Әл-Фараби алаңынан Ж.Адырбеков көшесіне дейінгі аралықта) мердігер мекеме «АЗИЯКОМПЛЕКССТРОЙ» ЖШС тарапынан 1,8 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

– Жолдың ені 14,7 метр, екі жағынан 1,4 кеңейеді. Қосымша жауын суы жиналатын құбыр орнатылуда, ағын су сонымен үлкен канал-арықтарға құйылады. Жол бойында асфальт, жарықтандыру жүйесі, жаяу жүргіншілер жолы және бағдаршам мен аялдама, веложолақтар, арық жүйесі қарастырылған. , - дейді Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов.  

Айта кетейік, көлік тығынын азайту мақсатында биыл Шымқалада бірнеше көше кеңеюде. Бұған дейін орталықтағы Байтұрсынов көшесінің тарлығын айтып, тұрғындар мен жолаушылар жиі сынға алатын. Оның үстіне аталмыш көшемен бірнеше  қоғамдық көлік жүреді. Тұрғындардың өтінішіне құлақ түрген басшылар көшені қайта жөндеп, кеңейткен болатын. Сол секілді қазір мамандар Жібек жолы,  Адырбеков секілді ірі көшелерінің ені кеңейту жұмыстарын жүргізіде. 

Аталған көшелерде жөндеу жұмыстарын 2020 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: Көксай аумағын жаңарту аясында 20 отбасы жаңа пәтерлі болды
  • В Шымкенте 20 семей получили новые квартиры в рамках модернизации «Зелёной балки»
  • Шымкент: Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • 30 новых санитарных автомобилей переданы службе скорой помощи Шымкента
  • В Шымкенте состоялась очередная акция в рамках акции «Таза Қазақстан»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер