Қоғамдық көліктерге бірқатар өзгерістер енгізіледі

Screenshot_3.jpg

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қаладағы эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қадағалау мақсатында жолаушыларды тасымалдаушы компания өкілдерімен жиын өткізді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

– Жасыратыны жоқ, қалада әлі карантин жалғасып, маскалық режим қатаң талап етілгенімен, кейбір қала тұрғындары бейқамдық танытып, автобустар мен қоғамдық орындарда маскасыз, қолғапсыз еркін жүр. Осыған байланысты, талапты күшейтіп, қоғамдық көліктерде бірқатар өзгерістер енгізуді жоспарлап отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, COVID 19 пандемиясының симптомсыз түрінің таралуымен қатар, тұмау, аллергия сынды аурулар да белең алуда. Осы ретте, қала тұрғындарын санитарлық талаптарды қатаң ескере отырып, маскалық режимді сақтап, жауапкершілікпен қарауды сұраймыз. Егер жағдай жақсармаса, қайта шектеу қою шараларын енгізуге мәжбүр болатынымызды ұмытпауымыз керек, деді басқосуда Мақсұт Исахов.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 335 адам коронавирус дертімен ауырса, індеттің белгілері жоқ 656 тасымадаушы тіркелді. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Екібастұз қалаларында 20-21 маусым демалыс күндері сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және басқа да базарлардың қызметі тоқтатылу және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектек қою туралы шешім қабылданды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер