«Шымкент – менің қалам» акциясы өтті

Screenshot_3.jpg 

Қаратау ауданы Шымқаланың туылған күніне орай «Шымкент – менің қалам» атты акциясын ұйымдастырды.

Әрбір адамның туған қаласына деген сүйіспеншілігі тазалықтан басталуы қажет. Өйткені тазалық- қаланың басты көрсеткіші, әсемдігі. Таза қалаға туристер де келгіш келеді. Осыны ескерген Қаратау аудан әкімдігі қала күніне орай тазалық жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараға 40 аудан қызметкерлері мен 30 ерікті жастар және мердігер мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары қатысты. Акция барысында  15 арнайы теxника жұмылдырылды.

Іс-шара кезінде  тұрғындар көп шоғырланған елді мекендердің аулалары тазалап, (25 га), ирригация жүйелердің көзін ашып (9 км), өскен шөп-шаламдарды  орып (4 га), ағаштарды әктеу жұмыстарын (900 ағаш) атқарды. Айналаны мұнтаздай еткен тұрғындар туған қаламызды таза ұстау міндетіміз дейді. 

Шымкент – қайырымды қала деп бекер айтылмаса керек. Акцияға қатысқан ерікті жастар көше мен демалыс аймақтарын ғана тазалап қоймай сонымен қатар  ауданға қарасты  алты  тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың үйлерін әктеу, сырлау жұмыстарын жүргізді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Проект новой Конституции формирует основу эволюции государства и общества – Бакыт Нурмуханов
  • «Существенно усилены конституционные принципы правосудия»
  • Суверенитет и территориальная целостность отнесены к неизменным ценностям
  • Конституционная реформа Главы государства – новый этап развития государственного устройства
  • Мемлекет басшысының конституциялық реформасы – мемлекет құрылысын дамытудың жаңа кезеңі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер