Волонтерлар марапатталды

Screenshot_1.jpg 

Қала күніне орай Шымкент қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасы Мұрат Әйтенов конференц-байланыс арқылы волонтерларды құттықтап, «Birgemiz» республикалық акциясына белсенді қатысқандарды еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасының Алғыс хатымен марапаттады

Волонтерлардың көмегімен «Birgemiz» акциясы шеңберінде қаламызда бүгінгі күнге дейін 107 миллион теңге көлемінде 8500-ге жуық мұқтаж отбасыларға азық-түлік үлестіріліп, жалғызбасты қарияларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға 1 млн.дана маска тегін таратылды.

Бұдан бөлек, волонтерлар зардап шеккен Мақтаарал ауданына 81 миллионнан астам қаржыға азық-түлік, гигиеналық заттар мен киім-кешектер және техника жөнелтуге қол ұшын созған.

- Волонтер болу – жүректің ісі, яғни шынайы ниеттің көрінісі. Сіздер қолға алған жұмыстардың барлығы дәл осындай мейірімділіктің жарқын үлгісі екеніне күмәніміз жоқ. Сіздерге барлық бастамаларыңызға сәттілік, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді партия филиалының жетекшісі.

- Бүгін менің арманым орындалды! Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталдым! Бұл менің індет кезіндегі, аппаттар кезіндегі және жастар саясатындағы 6 жыл бойы еңбегімнің жемісі! – деп ерікті Жасмин Ашимова жастарды белсенділікке шақырды.

Кездесу соңында партиялықтар жастар алдағы уақытта да ел игілігі мен еліміздің өсіп өркендеуі жолында аянбай еңбек ететіндігіне сенім білдірді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер