48 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы бітті

Screenshot_2.jpg

Еліміздің үшінші мегаполисінде баспана мәселесі кезең-кезеңмен шешімін тауып келеді. Мәселен қала күні қарсаңында  90 тұрғынға жаңа пәтердің кілті табысталды. Жалпы жыл соңына дейін тағы 1 144 пәтер беріледі деп жоспарланып отыр. Оның 300-і жастарға, 450 пәтер көпбалалы отбасыға, 192-сі әлеуметтік аз қамтылған отбасыға беріледі.

Ал бүгін  Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Мамыталиев құрылысы аяқталған «New City» және «Асар city» тұрғын үй кешеніне арнайы барды. Made in Shymkent отандық өнімдерімен жабдықталған пәтерлердің сапасын тексерді. Пәтерлер әкімдік тарапынан құрылған арнайы комиссияның тексеру нәтижесінен соң пайдалануға берілетін болады.

Қала күніне орай Шымкент қаласында жалпы 48 көпқабатты кредиттік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Атап айтқанда, Әкімшілік-іскерлік орталығында 8 үй, Шымкент сити шағынауданында 16 үй, Тұран шағынауданында 14 үй, Асар-2 шағынауданында 10 үй.

Тұрғын үйлер 5, 9, 12 және 16 қабатты, 1, 2 және 3 бөлмелі. Пәтер саны 2592, ауданы 156 мың шаршы метрді құрайды.

Үйлер бірінші кезекте Тұрғын үй жинақ банкі арқылы Шымкент қаласында баспанаға мұқтаж ретінде кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Пәтердің 1 шаршы метр құны - 180 мың теңге.

«Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан 24 тұрғын үй салынды. Аталған үйлер «7-20-25» бағдарламасы арқылы беріледі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: Көксай аумағын жаңарту аясында 20 отбасы жаңа пәтерлі болды
  • В Шымкенте 20 семей получили новые квартиры в рамках модернизации «Зелёной балки»
  • Шымкент: Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • 30 новых санитарных автомобилей переданы службе скорой помощи Шымкента
  • В Шымкенте состоялась очередная акция в рамках акции «Таза Қазақстан»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер