Жас таланттар топ жарды

Screenshot_8.jpg

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткен «SHYMKENT-FEST» онлайн өнер фестивалінің жеңімпаздары анықталды.

Байқаудың мақсаты - Шымкент қаласының мәртебесін көтеру, имиджін қалыптастыру әрі дамыту, әсем қаламыздың өткені мен бүгінгі болмысын көрсету, таныту. Сонымен қатар, дарынды жастардың өнерін дәріптеу, олардың шығармашылығын насихаттау, жергілікті талантты жастарға қолдау көрсету болатын.

Алты бағытты қамтыған фестивальге 50-ден астам өнерпаздар қатысып, жалпы саны 500-ден астам Шымкент қаласы туралы шығармалар қабылданған.

Жеңімпаздар қатарында «2200 жылдық шежірелі Шымкент» республикалық онлайн ақындар айтысы бойынша Біржан Байтуов, Нұрғали Әнәпия, Нұрлан Есенқұлов бар. Ал «Ғажайып қала - Шымкент» жазба ақындар арасында онлайн мүшайрада Даурен Айманбетов, Арайлым Мұраталиева, Ерман Бауыржан жеңімпаз деп танылса, «Ертегі қала - Шымкент» фотографтар арасындағы онлайн байқауда Береке Сейітжаппар, Серік Қосаев оқ бойы озып шықты. Сонымен қатар  «Балалар көзімен - Шымкент» жас суретшілер арасындағы сайыста Томирис Әмірбек, Алдияр Мырзақұлов жеңімпаз атанды. Және «Қайырымды қала - Шымкент» оқырмандар арасындағы онлайн оқу бойынша Ақтолқын Әбділдаева, Таңшолпан Имантаева, Айғаным Амангелді секілді талантты жандар бар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Проект новой Конституции формирует основу эволюции государства и общества – Бакыт Нурмуханов
  • «Существенно усилены конституционные принципы правосудия»
  • Суверенитет и территориальная целостность отнесены к неизменным ценностям
  • Конституционная реформа Главы государства – новый этап развития государственного устройства
  • Мемлекет басшысының конституциялық реформасы – мемлекет құрылысын дамытудың жаңа кезеңі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер