Аулалар абаттандырылуда

Screenshot_9.jpg

Шымкентте орталық көшелердегі көпқабатты үйлердің тұрғындары аулаларының абаттандырылып, балалар алаңшалары бой көтергеніне ризашылығын білдіруде.

Республика даңғылында бұған дейін балалар алаңшалары бюджет есебінен салынса, былтырдан бері балалар алаңшалары мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында бой көтеруде.

Балалар әткеншек теуіп, сырғанақтан түсіп мәз. Ал ата-аналары болса, балалар алаңшаларындағы жайлы орындықтарға жайғасқан. Бұл Республика даңғылындағы № 25,27,29 тұрғын үйлердің тұрғындары. «Балаларымыз енді алаңсыз ойнайтын болды» деген тұрғындар аула аумағында жүріп жатқан абаттандыру, көркейту жұмыстарының аяқталуын тағатсыздана күтіп жүр.

 «Мен осы  үйде  көп жылдары тұрамын. Бұрын  бізде балалар алаңшасы болмайтын. Міне, салып берді, балалар рахаттанып ойнап жатыр. Рахмет. Менің бір ұсынысым бар: осындағы «беседканың» жанын абаттандырып берсе»,- дейді тұрғын Мухаббат Юддашева.

Құрылыс барысында тұрғындардың ұсыныстары мен сын-ескертпелері ескеріліпті. Себебі, тұрғындар жайлылығы бірінші кезекте дейді алаңша құрылысын жүргізгендер. Айта кетейік, Республика даңғылындағы бұл аулалар мен ойын алаңшалары мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында жүргізілуде.

Құрылыс талаптары күшейтілген. Нысанның кепілдік мерзімі — 5 жыл. Егер де осы уақыт аралығында мұндағы құрылғы немесе ауладағы орындық, қоршаулар сынса, мердігер өз есебінен қалпына келтіреді дейді Әл-Фараби ауданы әкімдігіндегілер.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер