«Халық алғысын» арқалағандар

Screenshot_11.jpg

Шымкент қаласында коронавирустық инфекциямен күресте ерекше көзге түскен 10 адам «Халық алғысы» медаліне лайық деп танылды. Ондықтың қатарында полицейлер мен дәрігерлер, кәсіпкерлер мен еріктілер бар. Олар пандемия кезінде тұрғындарға қолдан келер көмегін аямай, көзге көрінбейтін жаумен арпалысты. 

Оларды бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде өткен "BIZ BIRGEMIZ" онлайн-форумы аясында қала басшысы Мұрат Әйтенов марапаттады.

Онлайн-форум барысында қатысушылар Президенттің бейнеүндеуін тыңдады. Одан кейін еліміздегі пандемиямен күрес тарихы туралы қысқаша бейнебаян көрсетілді. Сонымен қатар жиында қоғамның белсенділері сөз алып, өз алғыстарын да жеткізді.

«Халық алғысы» медалін алғандардың қатарында  жедел медициналық жәрдем станциясының дәрігері Әлімбаева Эльмира, Жұқпалы аурулар ауруханасының бас медбикесі Байсақалова Әлия,  «Мейірім» оңалту орталығының дәрігері Ағабекова Гүлжан, Полиция департаментінің командирі Бұхарбаев Мұхтар,  полиция инспекторы Ходжанов Руслан,  №35748 әскери бөлімінің қызметкер Бабаханов Мадияр,  Әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметкері Ахметова Мейзкүл,  «GraMad Retail» ЖШС-ның бас директоры Наимбекова Айжан, «Оңтүстік» телеканалының бас редакторы Қуанышбаева Гүлсара, ерікті Ким Евгения бар. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер