Карантин режимі мен шектеу шараларына өзгерістер енгізілді

Screenshot_12.jpg

COVID-19 індетінің өсуіне байланысты, халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында Шымкент қаласы бас санитариялық дәрігерінің қаулысына енгізілген өзгерістер:

1.Шымкент қаласының әкіміне, мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, кәсіпкерлік субъектілеріне және Шымкент қаласының тұрғындарына:

1) мектепке дейінгі ұйымдардың (балабақша, коррекциялық - түзеу орталықтары) қызметі тоқтатылсын;

2) қала тұрғындарының көпшілік жиналатын орындарына, оның ішінде жиі баратын орындарына, жаяу серуендеу орындарына (көше), саябақтарға, скверлерге, жағалауға, алаңдарға, балалар және спорттық аландарына және туристтік орындарға баруға тиым салынсын;

3) жұмыс күндері (дүйсенбі – жұма) Шымкент қаласының аумағында қызмет көрсетуге рұқсат етілген барлық объектілердің (қызмет көрсету саласында соның ішінде фитнес, моншалар, сауналар, SPA - салондары және тағы басқа, сауда саласында соның ішінде піскен тағамдарды, фасфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар және тағы басқа сату дүңгіршектері, қаржы саласында және басқа да қызмет салаларында) жұмыс уақыты сағат 10:00 -ден 18:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) жұмысы тоқтатылсын, басқа көрсетілген жағдайларды қоспағанда;

4) жұмыс күндері (дүйсенбі - жұма) сауда базарларының (азық-түлік, азық-түлік емес, әмбебап оның ішінде мал және автокөлік базарлары) жұмыс уақыты сағат 06:00-ден 16:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын;

5) жұмыс күндері (дүйсенбі – жұма) көтерме сауда базарларының жұмыс уақыты сағат 05:00-ден 13:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмысы тоқтатылсын;

6)жұмыс күндері (дүйсенбі – жұма) жеке тұрған азық-түлік гипермаркеттері, супермаркеттер, шағын маркеттер мен үй жанындағы дүкендердің жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелсін;

7) жұмыс күндері (дүйсенбі – жұма) қоғамдық тамақтану объектілерінің (асханалар, кафелер, мейрамханалар, кулинариялар) жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмысы тоқтатылсын;

Медициналық ұйымдар, дәріханалар, коммуналдық қызметтер қалыпты режимде жұмыс істейді;

9) сауда базарлары үшін демалыс күндері (сенбі немесе жексенбі) санитариялық күн болып белгіленсін.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер