Кілем көрмесі өтті

Screenshot_3.jpg

Үшінші мегаполисте  «Көрме» орталығының ұйымдастыруымен кілем жинақтаушы коллекционер Дана Бектаеваның "Бабадан қалған боз кілем" атты онлайн кілем көрмесі өтіп жатыр. Бұл "Шымкент 2020 - ТМД-ның мәдени астанасы" және Шымкент қаласының 2200 жылдығы мерейтойлары аясында өтіп жатқан іс-шара.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық қолөнерді ұлықтап, өзіндік ерекшелігін бағалап, кілем тоқу өнерін өшірмей, кереметтілігін халыққа паш ету. Кілем беттеріндегі сан алуан өрнектің тілін, әр сызықтың түр-түсінің айтар ойын халыққа түсіндіру. Сан ғасырлар сорабынан сыр шертетін тарихи дүниелер, кілемдер арқылы сол заманның тарихын, тыныс-тіршілігін таныстырып, көне кілемдердің маңызын халыққа кеңінен насихаттау.

Көпшілікке ұсынылған кілемдер Дана Бектаеваның жеке коллекциясындағы дүниелер. Барлығы қолдан тоқылған, табиғи материалдардан жасалған өнім. Ұлттық қолөнердің жанарышы неше жылдан бері қазақы кілемдерді жинаумен айналысып келеді. Жинап қана қоймай кілем тоқу өнерінің тарихын, кілем тоқу техникасын зерттеп, болашақ ұрпаққа насихаттап келеді. 

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жинақталған құнды кілемдердің біршамасы Оңтүстіктен, дені Сыр өңірінен табылған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер