200 орындық провизорлық стационар ашылды

Screenshot_4.jpg

Инфекциялық дерттің өршуіне байланысты Шымкент қаласында қосымша 200 орынға арналған провизорлық стационар ашылды. Мұнда ЖРВИ және пневмониямен күдікті науқастар қабылданып, ем қабылдайды. Стационар ашылған алғашқы күннің өзінде жедел жәрдеммен жеткізілген 20 науқас жатқызылып, тиісті ем алуда. 

Провизорлық орталыққа медициналық ұйымдардан арнайы мамандар шақыртылған. Сондай-ақ, өкпесі зақымданған азаматтардың денсаулық жағдайын жақсарту үшін оттегі балондарын қолдану мүмкіндігі қарастырылған. 

Айта кетейік, қалада осыған дейін 1420 төсек-орын ашылған болатын. Оның ішінде 690 орын инфекциялық, 290 - карантиндік, 440 провизор төсек-орны.

Бүгінде Шымкент қаласында жедел жәрдем қызметіне жүгінетіндердің саны артқан. Күніне 2000-ға дейін қоңырау түседі. Науқастардың дені ЖРВИ және пневмония сынды жұқпалы ауруларға шағымдануда. Қолайсыз эпидемиялогиялық ахуалға байланысты медицина мамандары сақтық шараларын күшейту қажеттігін тағы да еске салады. 

Расында қиын уақытта бұл халықтың саулығын жақсартудағы дер кезінде қолға алынып жатқан жұмыстар.

Қауіптіліккке жол бермеуде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіден де ескертуіндей ескертіп, сақтық шараларын қадағалауға шақырып жатыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер