Қаратау ауданында қоқыс алаңшалары жаңартылуда

Screenshot_1.jpg

Үшінші мегаполистегі тазалық пен тәртіпті сақтау мақсатында қалада игі іс-шаралар көптеп атқарылуда. Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағындағы көп қабатты үйлерге арналған қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтайтын 67 қоқыс алаңшасында 224 қоқыс жәшіктері бар. Аудан аумағындағы қоқыс жәшіктері күніне 2 рет таңертең және кешкі уақытта "Экоспецтранс" ЖШС тарапынан тазалық жұмыстары жүргізіледі. 

Бұған дейін де қалада тұрғын үй кешендерінде тұратын халыққа қажеттілердің бірі қоқыс жәшіктерін толығымен қамтамасыз ету жолға қойылып, бірқатар нысандар алдындағы жәшіктер қойылған еді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы барлық қоқыс алаңшалары мен қоқыс жәшіктерін жаңартып, көрікті етіп абаттандыруды тапсырған болатын. Осы орайда, Қаратау аудан әкімі аппараты тарапынан қоқыс шығарушы мекемелер «Экоспецтранс» ЖШС , «Шымкент спецкомплекс» ЖШС және қоқыс қалдықтарын қабылдайтын «Грин лайн» ЖШС мекемелерімен келіссөздер жүргізіліп, қазіргі таңда аталаған мекемелер тарапынан қоқыс алаңшалары мен ондағы жәшіктерді заманауи қала көркіне көрік беретін үлгіде жаңарту жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес атқарылуда.

Сонымен қатар, тұрғын үй аумақтарындағы тазалық жұмыстары да уақытылы атқарылып, қаланың көгалдандыру бойынша шаралар да болып жатыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Закон един для всех
  • Заң бәріне ортақ
  • Школы будущего: в Шымкенте открыли учебное заведение по проекту «Келешек мектебі»
  • Шымкент – «Кітап оқитын ұлт» жобасына алғашқы болып қосылған өңірлердің бірі
  • Шымкентте 70-тен аса оқушыға мектеп құрал-жабдықтары табысталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер