Мұрат Әйтенов инфекциялық госпитальге барды

Screenshot_2.jpg

Қазіргі таңда елімізде өзекті тақырыпқа айналған коронавирус пандемиясы. Күннен күнге өршіп жатқан індет жас та, адам да талғамай жұғып жатыр. Осы орайда, жұқпалы аурулар орталығының жұмысымен танысу барысында Мұрат Дүйсенбекұлына қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Рустам Албаев госпитальдегі қазіргі жағдайды баяндады. Айтуынша бүгінде инфекциялық госпитальде 77 палата және 2 реанимациялық зал бар. Оттегі жеткілікті. Мұнда covid 19 және пеневмонияға шалдығып, денсаулығы ауыр жағдайдағы науқастар түсуде екен. 

«Госпитальдің жансақтау бөліміне түсіп, кейін денсаулығы оңалып тұрақталған, алайда бірнеше күн тағы дәрігер бақылауында болуы керек науқастарды провизорлық орталықтарға ауыстырып, ауыр жағдайдағы науқастарға орын дайындау жағын қарап, шешіңдер. Жедел жәрдем қызметкерлері ары-бері сандалмауы керек», - деген тапсырмасын берді қала әкімі.

Ғимаратта 20 төсектік реанимация бөлімшесі бар. 200 төсек-орынға арналған бір қабатты модульдік үлгі бойынша салынды. Ғимараттың жалпы ауданы 6353 м2 құрайды. Стационарда барлығы 300-ден астам білікті медицина қызметкері медициналық көмек көрсетеді. Инфекциялық госпиталь барлық қажетті заманауи медициналық техникамен жабдықталып отыр. Мұнда компьютерлік томограф, сандық рентген аппараты, 20 ИВЛ аппараты бар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер