Жол құрылыс жұмыстары нәтижесін беруде

Screenshot_1.jpg

Шымкент қаласында 2020 жылы құрылыс жұмыстары қызу қарқын алды. Әсіресе, тұрғындардың тілегі мен өтініштерінің бірі жол бағыты бойынша бірқатар көз қуантарлық істер атқарылды. Мәселен үшінші мегаполистегі Жібек жолы, Төреқұлов көшелерін толығырақ айтатын болсақ, Қазыбек би көшесінен Аймауытов көшесіне дейін қайта құру жұмыстары аяқталды.

Көшенің ұзындығы – 2,2 шақырым, ені – 17 м;

Жаяу жүргіншілер жолы – 2,2 шақырым, ені – 2,2 м;

Мердігер: «Шымкентдорстрой» ЖШС-гі;

Құрылыс жұмыстарының басталуы - 2017 жыл.

Бүгінгі таңда жол құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

Сонымен бірге, қала ішіндегі 165 көше жөндеуден өтетін болады. Ол үшін қазынадан қомақты қаржы қаралған. Енді тек құрылыс нысандары өз уақытында сапалы аяқталса болғаны.

Бүгінде қала аумағындағы көшелердің ұзындығы 2 976 шақырымды құрайды. 165 көше қайта құру, жөндеу сынды жұмыстарға биыл 8 млрд теңге қаралып отыр. Осы қаржы тиімді жұмсалса, жолдардың сапалық көрсеткіші 3,4 пайызға өсетін болады.

 Бадам өзені үстінен өтетін өткел Д.Қонаев даңғылымен жалғасады. 99 метрлік нысан мамыр айының аяғына дейін тапсырылады деп күтілеуде.

Жалпы Шымкент қаласындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 297 606 шақырымды құраса, оның 56,5%-ы қанағаттанарлық жағдайда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер