Алғы шеп мамандары марапатталды

6 шілде Елорда күніне орай Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар денсаулық сақтау саласының мамандарын Президенттің наградаларын табыстады.

Жиында әлемде орын алып отырған дертпен күресте қаламыздың алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері марапатталды.

Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы өз сөзінде: «Бұл марапат осынау қиын кезеңде сіздермен бірге аянбай еңбек етіп жатқан ұжымдарыңыздың да жетістігі деп білемін. Журналистер халықтың үні, көзі, құлағы болса, әрине адам жанының арашасы ақ халатты абзал жандар. ел үшін сындарлы шақта үй бетін көрмей, отбасы, бала-шағасынан жырақ жүріп науқастарды қауіпті дерттен емдеп, жанына шипа сыйлап жүрген медицина қызметкерлеріне баршамыз Алғыс айтамыз», - деп құттықтауын білдірді. 

«Парасат» орденінің иегері:

«№6 қалалық емхана» МКК-ның бас дәрігері Гүлнар Күлбаева. 

«Құрмет» орденінің иегерлері:

– «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы»

МКҚК-ның зертхана меңгерушісі Қалдыкүл Күлжанова; 

- «Қалалық диагностикалық орталық» МКК-ның дәрігері Людмила Кулиева;

- «Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы» МКК-ның бас дәрігері Гүлнар Құрманбекова.

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері:

- «№1қалалық клиникалық аурухана» МКК-ның аға медбикесі Жадыра Иманәлиева;

- «№2 қалалық аурухана» МКК-ның бас дәрігері Сарсен Пернебеков

- «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК-ның бөлім меңгерушісі Баян Рыстаева;

- «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК-ның аға медбикесі Алмаш Салтакова.

«Шапағат» медалінің иегерлері:

- «№2 қалалық аурухана» МКК бас дәрігердің орынбасары Күлзайнап Машрапова;

- «Қалалық кардиологиялық орталық» МКК-ның бөлім меңгерушісі Бекжан Перменов,

Құрмет грамотасының иегерлері:

- «Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы» МКК-ның дәрігері Айгүл Айтуреева;

- «Қалалық перзентхана» МКК-ның бөлім меңгерушісі Ержан Әшіров

- «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК-ның бөлім меңгерушісі Мұқан Бижанов.

ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталғандар:

- «Оңтүстік» телеарнасының редакторы Мұхтар Атабеков;

- «Оңтүстік» телеарнасының бас инженері Қахарман Сұлтанов.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне жасанды интеллектіні жедел енгізуді тапсырды
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Президент: «Соңғы төрт жылдың ішінде ұстаздардың жалақысы екі есе өсті»
  • Мемлекет басшысы: «Мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орынға шықты. Билікте де «отбасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер