Қалалық кардиологиялық орталықта провизорлық бөлім кеңейтілді

Screenshot_22.jpg

Шымкент қаласында қалалық кардиологиялық орталығында жүрек ауруымен бірге COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеу мақсатында жұқпалы аурулар емханасы ретінде жұмыс жасап жатқан провизорлық бөлімде қосымша 30 төсек орын қарастырылған. 

Тұрңындарға індет өршіген тұста медицина мамандарының қызмет көрсетіп, билік өкілдерінің орын тапшылығын жою мақсатында атқарып жатқан іс-шаралар легі күннен күнге жалғасын табуда.

Орталықтан ашылған арнайы бөлімде коронавируспен ауырған науқастардың денсаулығын жақсарту үшін үздіксіз оттегі берілетін 9 механикалық желдету аппараты қолданылады. Сонымен қатар, барлық қажетті дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген. 

Провизорлық бөлімге алғашқы күннен бастап 20-ға жуық науқас келіп түскен. Ал, жағдайы өте нашар және ауырлығы орташа науқастар бірден ауруханаға жатқызылады. Келіп түскен науқастардың басым бөлігі екі жақты пневмония дертіне шалдыққандар. Жағдайы ауыр науқастар үшін орталықтағы реанимация бөлімшесінда қосымша 20 төсек дайындалған. 

Қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында шаһардағы денсаулық саласындағы атқарылып жұмыстарға Шымкент қаласының әкімдігі мен Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан барынша қолдау көрсетілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер