Онкологиялық орталық карантин режиміне сай жұмыс істеуде

Screenshot_23.jpg

Шымент қаласы бойынша 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспардың Жол картасы бойынша іс шаралар іске асырылуда.Алға қойған мақсат онкологиялық қызметті жақсарта отыра, онкологиялық аруларды ерте кезеңде анықтау және олардың 5 жыл және одан артық өмір сүруін арттыру. 2020 жылдың 6 айлық индикаторлардың орындалу барысы, атап айтқанда, бірінші индикатор онкологиялық аурулардың ерте кезеңде I cатысында анықтау жоспар бойынша 16,0 пайыз болса, бұл көрсеткіш 16,5 пайыз болды, жоспардан 0,5 пайызға артқан. 

Екінші индикатор 5 жыл және одан артық өмір сүруі жоспар бойынша 47 пайыз болса, 47,1 пайызға жоғарылады.

Үшінші индикатор сырт көріністі III-IV сатысындағылар жоспар бойынша 16,6 пайыз болса, бұл көрсеткіш 13,6 пайызға төмендеген. 

Төртінші индикатор жатыр мойны рагіне цитологиялық скринингтік тексеру барысында қатерлі ісік алды аурулардың анықталуы бойынша жоспар 0,94 пайыз болса, анықталғаны 1,0 пайыз болған. 

Бесінші индикатор колоректальды ракке скринингтік тексеру барысында қатерлі ісік алды аурулардың анықталуы бойынша жоспар 19,4 пайыз болса, анықталғаны 22,4 пайыз болған.

Барлық онкологиялық индикаторлар, бәрі 100 пайызға орындалды.

Орталықта 6400 астам онкологиялық науқастар «Д» есепте тұрса, 2020 жылдың 6 айында 600 науқас өмірінде алғаш рет есепке алынды.

Қазір, ауруханада 135 науқас арнайы ем қабылдап жатыр, керекті дәрі- дәрмектер жеткілікті. 2020 жылдың 16 наурызынан бастап карантиндік режимде толық жұмыс істеуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте сакура гүлдеді
  • Агенттік өкілдері жемқорлар ұрланған ақшаны көбінесе қайда жұмсайтынын айтты
  • Садрадиннің Шымкентте өткен концертінен шу шықты
  • Шымкентте саябақтардың орнына тұрғын үйлер салынбайды
  • Шымкентте Наурызды тойлауға 151 млн теңге бөлінді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер