288 науқас жазылып шықты

Screenshot_5.jpg

Соңғы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Шымкент қаласы ауруханаларынан 288 азамат жазылып шықты, оның ішінде пневмониядан - 209, КВИ - 47, ОРВИ - 13. Қазіргі таңда олардың жағдайы жақсы. Дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Осы орайда, қауіпті індетпен күресте аянбай тер төгіп жатқан шымкенттік дәрігерлердің еңбегі зор. Мәселен, ауыр халде ауруханаға жеткізілген науқастардың бірі 4 тәулік жан сақтау бөлімінде жатып, бүгін ол дәрігерлердің тиісті ем-домының арқасында дертінен толық айығып шықты. Қала тұрғыны өз кезегінде ақ халаттыларға алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Бұл ретте, медицина мамандары қала тұрғындарына қатерлі індеттің әлі де қауіп төндіріп тұрғанын ескертеді. Сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады.

Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде 3555-ке жетсе, жазылып шыққандар саны 717 адамды құрайды. Жалпы елімізде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны - 48 574.

Осы ретте мамандар тұрғындарға аса сақ болуға, жеке гигиена мен карантин талаптарын сақтауға шақырады


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
  • Шымкентте қараусыз қалған 92 жастағы тыл ардагері ауыр халде жабық пәтерден табылды
  • Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
  • Шымкенттік тұрғын 120 тонналық вагондарды сүйреп, рекорд жасады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер