Сын сағатта бірлік керек

Screenshot_4.jpg

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты Қазақстан халқына жасаған үндеуін тыңдадық. Расында індет өршіп тұрған сәтте дәрі тапшылығын шешу кезек күттірмейтін мәселе. Бұл орайда Президент жалпы дәрі-дәрмек препараттарын, өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алуға, медицина қызметкерлерін ынталандыруға және басқа да шұғыл шараларға кем дегенде 150 миллиард теңге бөлінетінін жеткізді. Қоғамда дүрбелеңге жол бермеу керектігін және қаражаттың жұмсалуы ерекше бақылауда болатынын да атап өтті.

Шынтуайтында бүгінгі ахуал қоғам үшін оңай тиіп жатқан жоқ. Бірақ бірігіп барлық қиындықты жеңеміз деп айта аламын. Қаламызда қоғам белсенділері мен жастардан құрылған арнайы мониторингтік топ шаһардағы бірқатар дәріханаларға қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді. Президент айтпақшы, кейбір кәсіпкерлер күрделі жағдайды пайдаланып, пайдаға кенелгісі келеді. Кейбір препараттар жетіспеушілігі сезіледі. Бірақ бүгінгі үндеуден кейін осы олқылықтың орнынын толтыру үшін нақты жұмыстар атқарылады деген ойдамын.

Ауырғандарды емдеуге қатысты жағдай, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, саяси өсек-аяң - мұның барлығын Президент қозғады. Туған-туыстары мен жақындарынан айырылған қазақстандықтар биліктің қарым-қатынасын баяғыдан бері күткен еді. Және де Президент өз атынан көңіл айтты. 13 шілде Ұлттық аза тұту күні болып белгіленді. Бұл еліміздегі тәуелсіздік алғаннан бері тоғызыншы рет жарияланып отырған шара екен.

Қиындықтар бізді шыңдай түседі. Бәлкім, бұл біздің бірлігімізді байқау үшін берілген сынақ шығар. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ұйымдаса білсек, бұл сыннан да өтерміз. «Денсаулық – зор байлық» деген халқымыздың дана сөзінің қадірін білейік.

Жасмин АШИМОВА, қалалық Жастар мәслихатының депутаты


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер