Жылу маусымына дайындық жүріп жатыр

Screenshot_5.jpg

Үшінші мегаполисте алдағы жылу беру мауысымына дайындық жұмыстары қарқын алған. Салаға жауапты мамандар шымкенттіктер қыста жаурамайды деп отыр. 

Қаланы жылумен қамту міндеті жүктелген «Қуатжылуорталық-3» мекемесі қаладағы тозығы жеткен магистралды және орамішілік құбырларды жаңалауда. Ұзындығы 60 шақырымды құрайтын жүйені алмастыруға 3 миллиардтан астам қаржы қарастырылған.

Ағымдағы және жөндеу жұмыстарын коммуналшылар тамыздың 20-на дейін аяқтауды жоспарлауда. Бұдан бөлек, шаһар аумағындағы 5 сорғыш станциясын жаңғыртуға 771 млн. теңге қаралған. Аталған нысандарда жөндеу жұмыстарын 1 қазанға дейін аяқтау көзделуде.

Шадияр Кәрімов, «Қуатжылуорталық-3″ МКК бас инженерінің орынбасары: "Биыл бізге  бөлінген 9 млрд. қаржының 4 млрдтан астамы жаңа жылу жүйесінің құрылысына жұмсалуда. 1 млрдтан астам қаржы ескірген жүйелерді қалпына келтіруге бөлінді. 450 млн. теңге құбырларды арнайы материалмен қаптауға бағытталды. Жол картасы бойынша бөлінген 2 млрд. теңгеге қала аумағындағы тозығы жеткен түрлі диаметрлі құбырлар жаңасына алмастырылуда».

Мамандар жұмысты дер кезінде аяқтаймыз деп отыр. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер