Бірге еңсереміз

Screenshot_1.jpg

13 шілдеде сағат 12:00-де барша қазақстандықтармен бірге Шымкент қаласы әкімдігі, №1 клиникалық ауруханасында және Тәуелсіздік саябағында Мемлекеттік ту төмен түсіріліп, бір минуттық үнсіздік жарияланды. Бұл сын сәтте өмірмен қош айтысқан бауырларымыз үшін еді...

Шымкент қаласы корей этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Роза ПАК қала тұрғындарына қолдау көрсетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы тікелей эфирде барша қазақстандықтарға Үндеу жасады. Қазіргі таңда індеттің қайтадан ушығып бара жатқанын тілге тиек етіп, көптеген отбасылардың қара жамылып, қайғы жұтуына байланысты 13 шілде – Ұлттық аза тұту күні болып белгіленгенін мәлімдеді. 

Әлем бойынша осы вирусты жұқтырғандардың саны шамамен 12 миллионға жетті, соның салдарынан 500 мыңнан астам адам қайтыс болды.

«Әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. 

Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын,- деді Мемлекет басшысы.

Президентіміздің Аза тұту күнін жариялауы, Кемелұлының көрегендінін көрсетті. Мемлекет басшының қашанда елмен бірге екенін тағы бір рет дәлелдеді.   

Қазір індеттің алдын алуда түрлі шаралар қолға алынды. Осы қабылданған шаралар мен медицина қызметкерлерінің ерлігінің арқасында бұл індетті бірге еңсереміз деп сенемін! Ең бастысы адамгершіліміз бен ауызбіршілігіміз жойылмасын!



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өзбекстанда М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің филиалын ашу жайлы кездесу өтті
  • Үміт үзбе
  • «Ақжар» қосалқы станциясы келесі жылы пайдалануға беріледі
  • Қала әкімі «Көмеш бұлақ» базары аумағындағы автотұрақты көшіруді қолдады
  • Қала әкімі Үндістан Республикасының елшісімен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер