Шағынаудандардағы жолдар жөндеуден өтуде

Screenshot_2.jpg

Биыл Шымкент қаласында әлеуметтік нысандар мен жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүрді. Мәселен, Әл-Фараби ауданы, Забадам шағынауданы, Саттарханов көшесі орташа жөндеу жұмыстарынан өтті. Мердігер мекеме «Базис К» ЖШС-гі тарапынан ағымдағы жылдың сәуір айында басталған болатын. Көшенің ұзындығы - 1,1 шақырым, ені 5 метрді құрайды. Қаратау ауданы, Тұран шағынауданындағы Байжігітов көшесіне де жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сәуір айында басталған құрылыс аяқталып, ел игілігіне берілді. Ұзындығы 1,6 шақырымды құрайтын көше енді тұрғындар иелігінде.

Сонымен қатар Абай ауданы, Солтүстік-Батыс шағынауданы, Тарақтас көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстары да аяқталды. Ұзындығы 660 метр, ені 5 метрді құрайтын жолдың сапалы әрі уақытылы аяқталғанына тұрғындар дән риза.

Абай ауданы, Самал-2 шағынауданы, Болашақ көшесі де орташа жөндеу жұмыстарынан өтті. Мердігер мекеме «Базис К» ЖШС-гі құрылысты уақытылы тапсырды.

Абай ауданы, Самал-2 шағынауданы, Ермекбаев көшесін орташа жөндеу жұмыстары мердігер мекеме «Базис К» ЖШС-гі тарапынан ағымдағы жылдың сәуір айында басталған. Көшенің ұзындығы - 2,1 шақырым, ені - 5 метр. Бүгінгі таңда, жол құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

Абай ауданы, Самал-2 шағынауданы, Сейтов көшесінде де орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, ел игілігіне берілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қолжетімді баға, сапалы өнім: Шымкенттегі сенбілік жәрмеңкелер өтуде
  • Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
  • Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкінді
  • Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам
  • ОРК референдум алдында үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын еске салды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер