«Еңбек» бағдарламасымен 8 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

Screenshot_7.jpg

Қазіргі таңда елімізде барша тұрғындардың жұмыспен қамтылуына жағдай жасап қойған. Еңбек етемін деген адамға бірнене бағдарламалар да іске қосылған. Шымкент қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының негізгі жұмысы "Еңбек" бағдарламасымен тығыз байланысты. Аталған бағдарлама 4 бағыттан тұрады және олар халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, еңбек нарығын, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсаты — еңбек нарығын дамыту және тұрғындардың, оның ішінде жастардың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша қосымша шараларды қабылдау.

Сондай-ақ кәсіптік білім беруді қамтиды. Жалпы, жыл басынан осы уақытқа дейін 1566 адам жаңа жұмыс орындарына жолданып, 8 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Сондай-ақ 3700-ден астам адам жұмыспен қамтудың жол картасы аясында қаладағы құрылыс және инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарына жолданып, олар жұмыстарын атқаруда.

Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты жұмыссыз азаматтардың еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдыларды игеруінің тиімді жүйесін жасауға бағдарланған. Яғни, олар 1 айдан 6 айға дейін қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтеді. Одан соң барып арнайы мамандар адамдардың қалауымен санасып жұмыс орындарына жолдама береді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер