Қаратау ауданында заманауи балалар алаңшалары орнатылуда

Screenshot_8.jpg

Биыл үшінші мегаполисте қала келбеті ажарлануда. ТМД елдерінің мәдени астанасы атанған шырайлы Шымқалана күн санап жаңарып жатыр. Бүгінде қаладағы Нұрсәт шағын ауданында тозығы жеткен 57 аула абаттандырылып, заманауи үлгідегі балалар алаңшалары мен жаттығу тренажерлары орнатылып жатыр.

Бұл жұмыстарды «БАЙ-БОЛАШАҚ» ЖШС мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүргізуде. Сонымен қатар ауданда жергілікті бюджет есебінен тағы 8 аула абаттандырылып отыр. 

Қала әкімі Мұрат Әйтенов бүгін шағын аудандағы құрылысы жүріп жатқан абаттандыру жұмыстарын тексеріп, жергілікті халықпен кездесті. Тұрғындар аулаларының абаттандырылып, балалар алаңшаларының бой көтеріп жатқанына ризашылығын білдірді.

Измир көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің абаттандыру жұмыстарымен танысқан қала басшысы, аудан әкіміне абаттандыру жұмыстарының жобасына автотұрақ кеңістігін кеңейту жайын қарастыруды тапсырды. 

Бұдан бөлек, қала басшысы құрылысты қала тұрғындарына ыңғайсыздық туғызбай және жұмыстың тиісті сапасын қамтамасыз ете отырып жүргізу қажет екенін айта өтті. 

Қазірде аудан аумағындағы Нұрсәт ш/а, Тұран ш/а, Мирас ш/а, Достық т/а, Қайнарбұлақ т/а, Қайнарбұлақ саяжайында жаңадан 10 ашық спорт алаңшалары орнатылып жатыр. Ондағы құрылыс жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес «Алем Строй-1» ЖШС тарапынан жүргізілуде. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте республикадағы алғашқы әмбебап жедел қызмет кешендері ашылды
  • В Шымкенте открыты первые в республике универсальные комплексы экстренных служб
  • Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
  • Антониу Кошта қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді
  • Еуропа Одағы – Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктесі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер