Шетелдіктер шымкенттік дәрігерлердің жұмысына оң баға берді

Screenshot_11.jpg

Тынымсыз еңбек етіп жатқан дәрігерлердің көмегін қажет етушілер қатары көбейген бүгінгі сәтте қандай-да бір сауатты маманның қолдау көрсетуге ниет білдіруі қуанарлық та құптарлық қадам. Осы орайда, үшінші мегаполистегі жағдайға сырттай қаныққан ресейлік дәрігерлердің келуін шымкенттік әріптестері де, науқастар да кәсіпке адалдықтың, көршілік тату қарым-қатынастың көрінісі деп қабылдауы заңды. Үш реаниматолог-дәрігер мен 4 инфекционистен құралған топ өз тәжірибелерімен бөлісуді әрі әріптестеріне жәрдем етуді мақсат етіп Шымкентке де жетті. Олар COVID-19  инфекциясына қарсы күресу бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсетті. Ресейден келген топ қаладағы ахуал мен дәрігерлер жұмысын да бағалап үлгерді.

Ал Шымкентке арнайы тәжірибе алмасу мақсатында келген жоғары дәрежелі реаниматолог Денис Цветков жергілікті дәрігерлердің коронавирусқа қарсы атқарып жатқан жұмыстарын оң бағалады. 

– Байқағанымыз, қазіргі уақытта жергілікті дәрігерлер штатты режимде жұмыс істеп, ауруханаға түскен кез келген науқасқа сапалы медициналық көмек көрсетуде. Науқастардың станционарға келіп түскен уақытынан бастап, толық емдеу жұмыстарының жүргізілуін көріп шықтық. Бұл тұрғыда барлығы дұрыс. Шымкент қаласындағы ауруханаларда интенсивті терапияны қажет ететін ауыр жағдайдағы науқастар жансақтау бөлімінде ем алуда. Бұған қоса оларға респираторлық терапия бойынша ем жүргізіледі екен. Бұл өте жақсы. Әлемдік медицина деңгейінде қолданылып жатқан емдеу тәсілдерінің бірі – жасанды желдету мен инвазиялық желдету аппаратын қолдана отырып, ауыр жағдайдағы науқасты аман алып қалу. Бұл тәсілді жергілікті мамандар жақсы меңгерген. Шымкентте науқастарға кәсіптік медицина мамандарының көмегі қолжетімді. Қала тұрғындарына айтарым, ауру басталған сәттен бастап, медициналық көмекке жүгініңіздер, - деді ресейлік дәрігер. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер