Қоймада дәрі-дәрмек жеткілікті

Screenshot_12.jpg

Қала әкімдігінің дерегіне сүйенсек, тұрғындар енді дәріден таршылық та, тапшылық та көрмейді. Себебі дәріхана қоймаларында бір айлық дәрінің қоры жасақталды. Қала әкімі М.Әйтенов Үкіметтің селекторлық отырысында үшінші мегаполистегі дәрі тұрақтылығын сақтау мақсатында Үндістан, Ресей, Украина мен Өзбекстан елінен 2 млн 676 мың флакон бірінші кезектегі дәрі-дәрмек пен 16 млн 700 мың маска жеткізілгенін мәлімдеді.

Мемлекет басшысының халықты дәрі-дәрмекпен қамту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қалада төрт мониторинг тобы құрылып, 348 дәріханаға тексеру жүргізілді. Нәтижесінде заңсыз дәрі-дәрмек сатумен айналысқан 50 дерек анықталды. Оның ішінде 12 қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары басталды. Қалада көтерме дәрі-дәрмек сатумен айналысатын 10 ірі фармкомпания және 560 дәріхана жұмыс істейді. Шетелден дәрі-дәрмек алып келуге аталған фармкомпанияларға бір жолғы рұқсат берілді, - деді қала басшысы.

Бүгінгі күні қалада дәрілік заттардың негізгі қоры жеткілікті. Оның ішінде температураны төмендететін 47500 қорап, вирусқа қарсы препараттардың 71300 қорабы, 65300 антибиотик, 39658 антикогулянттар, 22400 «С» витамині, 453122 жеке қорғаныс құралдары бар. Сонымен қатар, қала бюджеті оңтайландырылып, қосымша ӨЖЖ, басқа да құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер сатып алуға жергілікті бюджеттен 5 млрд теңге қаржы бағыттау көзделуде.  Айта кетейік, жұмыс кестесіне сәйкес күніне сағат 08:00-20:00 аралығында қаланың барлық емханаларынан келген 50-ден астам медицина қызметкерлері ауруханаларда медициналық көмек көрсетеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер