17 спортшы Токио олимпиада ойындарына қатысуға үмітті

Screenshot_15.jpg

Ел аман, жұрт тыныш болса, 2021 жылы Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Олег Почивалов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте біршама спортшы жолдама алуы мүмкін екенін айтты. Олимпиадаға қатысу үшін оқ ату спорт түрінен Юрий Юрков, стенд атудан Рысбекова Сарсенкүль, каратэ – додан Асадилов Дархан және бокстан Сафиулин Закир жолдама жеңіп алған болатын. Бұлардан бөлек, спорттың 11 түрінен тағы 17 сайыпқыранымыз күн шығыс еліне бару үшін жолдамаға таласады екен. Бұл туралы 

«2021 жылғы ХХХІІ-Жазғы Олимпиада ойындарына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұқпалы індеттің өршуіне байланысты бүгінде спорт түрінен халықаралық турнирлер, іріктеу бәсекелерінің бәрі уақытша тоқтатылды. Дегенмен, спортшылар жаттығуды үзген жоқ. Ал спортшылардың денсаулығы барынша қадағалауға алынған»,-деді ол. 

Олимпиада ойындарына жолдамаға үміткер спортшылар - Байдарка және каноэ есуден Емельянов Сергей, Емельянов Тимофей, Подойникова Ирина. Ал, бокстан Шекербекова Жайна, таеквондодан Дүйсебай Смайыл, батутта секіруден Алиев Пирмаммад, жеңіл атлетикадан Коблов Дмитрий, дзюдодан Галбадрах Отгонцэцэг, каратэден Берульцева Софья мен Юлдашев Данияр. Сонымен қатар, велоспорт бойынша Воржев Павел, көркем гимнастикадан Адилханова Алина болса, оқ атудан Король Елизавета мен стенд атудан Панарина Ольга, Мухамедиев Владислав, Кравченко Зоя, Дмитриенко Мария.

Естеріңізге сала кетейік, XXXII жазғы Олимпиада ойындары Токиода 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы арасында өтуі тиіс болатын. Алайда, әлемді жаулаған коронавирус пандемиясына байланысты, жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамыз аралығында өтеді деп белгіленіп, кейінге шегерілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер