Петро Қазақстан ауруханаға қолдау көрсетті

Screenshot_16.jpg

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» кезекті қайырымдылық іс-шараға ұйытқы болды. Сын сәтте мұқтаж жандарға көмек қолын созатын зауыт ұжымы пандемия кезінде де қарап қалған жоқ. Еліміздегі ірі мұнау өңдеу компаниясы  бұл жолы Шымкенттегі №2 қалалық ауруханаға қолдау көрсетті. 

Бұл аталған зауыттың карантин кезінде көрсеткен екінші қайырымдылық акциясы. Бұған дейін Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығындағы «Жанға жылу» қайырымдылық шарасы аясында демеушілік етті. 100 мұқтаж әрі көпбалалы отбасыға әлеуметтік пакет таратып, көпке үлгі болған еді. Ендігі жәрдем медицина қызметкерлеріне беріліп отыр. 

Бүгін «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС «Шымкент – қайырымды қала» қорымен бірігіп қайырымдылық акциясын өткізіп жатыр. Ондағы мақсат – медициналық мекмелер мен мамандардың сын сәтте коронавирус инфекциясымен күресуіне қолдау көрсету. Акция аясында 10 000 бетперде мен 1000 медициналық қорғаныс киімін тапсырып жатырмыз. Осы тұста алдыңғы шепте жұмыс істеп жатқан дәрігерлерге алғыс айтқым келеді. Біздің компания да алдағы уақытта қолдан келгенше көмек көрсетеміз деп отырмыз, - дейді компанияның әкімшілік-құқықтық мәселелер және персоналды басқару жөніндегі директоры міндетін атқарушы Ринат Акбердиев.

Дендеген дерттің алдын-алып, індет жұқтырғандарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында Шымкентте провизорлық, күндізгі стационарлар ашылғаны белгілі. Мегаполисте қазір  3610-ға жуық провизорлық орын бар. №2 қалалық ауруханаға оның ішіндегі 260-ы тиесілі. Аурухана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Асхат Жақыбаевтың айтуынша, бүгінде 60 орын бос.  Сонымен бірге бұл ауруханада пневмония мен COVID-19 жұқтырып, ауыр халде жатқандар үшін жансақтау бөлімшесінде арнайы 30 орын толыққанды жұмыс істеп тұр.  

Провизорлық стационарда 200-ге жуық науқас ем алуда. Оларға 100-ге жуық медицина мамандары қарап жатыр. Қаланың бас пульмонологы, бас аллергопульмонологы біздің ауруханады қызмет атқаруда. Олардың көмегі бізге ауадай қажет. Сол кісілермен және реанимотолгтармен бірігіп, науқастарды барынша емдеп жатырмыз. Емделушілер өз қалтасынан дәрі сатып алмайды. Біз өзіміз тапсырыс береміз, беріп те жатырмыз. Қазіргі таңда сәл саябырсу байқалуда. Соған қарамастан «Петро Қазақстан» зауыты жеке қорғаныш құралдарын беріп көмектесіп жатыр. Күніне орталықтағы әр маман екі реттен жеке медициналық қорғаныш киімін ауыстырады. Петро Қазақстанға алғыс айтамыз,- дейді Асхат Жақыбаев. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер