Еңбек ауданында көпқабатты үйлердің аумағы абаттандырылуда

Screenshot_17.jpg

Еңбекші ауданында 64 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылып, ойын алаңдары орнатылуда. 43 көппәтерлі тұрғын үйдің аулалары мен балалар ойын алаңшаларына қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп отыр.

Бұл жұмыстарға биылғы жылы әр ауданның бюджетіне бөлінген 1 млрд теңгеден 800 миллионнан астам қаржы қаралған. Оның ішінде "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы бойынша  көпқабатты тұрғын үй ауласын абаттандыруға республикалық бюджеттен 75,8 млн. теңге бөлінген. Нысандар осы жылдың тамыз, қыркүйек айларында пайдалануға беріледі. 

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданының аулаларын абаттандырудың барысын тексерді. Жұмыстың сапасына баса назар аударған қала басшысы орындықтар мен кіші архитектуралық формалар сынды орнатылатын элементтерді сапалы материалдардан пайдалануды айтты. Аудан әкімі Ғалымжан Ильясов ауланы абаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндап, биылғы жылы бұдан бөлек, 6 ашық спорт алаңшасы мен аула аралық тозығы жеткен 8 мекенжайдағы баспалдақтарды қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, аудан әкімі 2021 жылы аудан аумағындағы 100-ден аса үй ауларын жөндеу және балалар ойын алаңдарын қайта құру жоспарланғанын жеткізді. Бұл қала тұрғындарының игілігіне және кішкентай бүлдіршіндердің дамыған қалада өсуіне жасалған қадамдар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте сакура гүлдеді
  • Агенттік өкілдері жемқорлар ұрланған ақшаны көбінесе қайда жұмсайтынын айтты
  • Садрадиннің Шымкентте өткен концертінен шу шықты
  • Шымкентте саябақтардың орнына тұрғын үйлер салынбайды
  • Шымкентте Наурызды тойлауға 151 млн теңге бөлінді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер