Өндіріс өркендесе бюджет те қомақты болады

Screenshot_3.jpg

Бүгінгі Шымкент Қазақстанның тек мәдени-тарихи қаласы ғана емес, сонымен қатар өндірісі өркендеген, кәсіпорындары көбейген орталықтардың бірі. Мегаполисте бірнеше өндірістік салалар шаһардың экономикалық қозғаушы күшіне айналды. Олардың қатарына химия, фармацевтика, агроөндірістік кешен, қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдары өндірісі тағы да басқа салаларды жатқызуға болады. Осы аталған салаларда өнім өндірген кәсіпорындардың тауары ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, алыс-жақын шет мемлекеттерге де экспортталып, солардан түскен салық және басқа да табыстар халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына зор септігін тигізді. Әсіресе, Шымкент қаласының бюджеті еселеп өсті.

Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рақымберді Мүлкеманов қала бюджеті 1994 жылы 1 миллиард теңге төңірегінде болса, бүгінгі күнде 485,6 миллиард теңгеден асқанын айтады.

Мысалы, бюджет 2018 жылмен салыстырғанда 3,7 есеге артқан. Инвестиция көлемі екі есеге жуық көбейіп отыр. Үш жыл бұрын өнеркәсіп өнімінің көлемі 425 млрд. теңгені құрады, биыл көлемі 710 млрд. теңге болады деп күтілуде. Сондай - ақ, үш жыл бұрын 403 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, биыл сала мамандары оның саны 1 млн шаршы метрге дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Нәтижесінде салық базасы мен жергілікті бюджеттің кірістері - 57 млрд-тан 150 млрд-қа дейін өсті.

–Бүкіл әлемде орын алып жатқан экономикалық қиындықтарға, әсіресе пандемияға байланысты бұл саладағы қиын жағдайға қарамастан соңғы 5 жылда бюджет көлемі алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда 4,3 есеге артқан. Тарқатып айтар болсақ, мегаполис

қазынасы 2016 жылы - 111 миллиард, 2017 жылы - 131,2 миллиард, 2018 жылы - 146,1 миллиард, 2019 жылы - 243,1 миллиард, 2020 жылы - 453,9 миллиард, 2021 жылы - 485,6 миллиард теңгені құрап отыр. Бюджет көлемінің соңғы жылдары бірден ұлғаюына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Шымкент республикалық мәртебесі бар қалаға айналуы себеп болды. Осыған орай қаланы дамытуға бөлінген қаражат көлемі де едәуір өсті. Бүгінгі таңда бюджеттік шығындардың ішінде әлеуметтік салаға 219 миллиард теңге қарастырылған. Оның ішінде білім беру саласына – 149,6 миллиард (68,3%), денсаулық сақтау саласына – 17,9 миллиард (8,2%), әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға – 32,9 миллиард (15,0%), мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке – 18,7 миллиард теңге (8,5%) бөлініп отыр.

Сондай-ақ қала бюджетінен қаржыландырылатын 31 бюджеттік бағдарлама әкімшісі бар. Олардың ведомстволық 366 мекемесінде 47 338 адам жұмыс істейді, - дейді Рақымберді Жанысбекұлы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер