Шымкенттің 4 ауданында да енді жастар орталығы бар

Screenshot_2.jpg

Бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен Шымкент қаласының төрт ауданында «Жастар ресурстық орталығының» бөлімшелері ашылды.

Қаратау ауданындағы бөлімшенің ашылуына Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов, қалалық мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов, Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов, сонымен бірге «Қазақстан жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Т. Болысов қатысты.

Қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ерлан Айтбаев аудандық бөлімшенің жұмыс барысымен таныстырды. Жастардың игілігі үшін пайдалануға берілген орталық 2 қабаттан тұрады және бір мезетте 50-100 жасқа қызмет көрсете алады.

Орталық негізгі 5 бағыт бойынша жұмыс істейді: жастарға қызмет көрсету, талантты жастарды қолдау, коворкинг орталығы, шағын кітапхана, психологиялық кеңес беру. Әрбір бағыт бойынша жастар шығармашылық бастамаларын қолдауға, жас кәсіпкерлерді қолдау және несиелендіру жолдары, жұмыспен қамту, тұрғын үйге қол жеткізу, жұмыс орнын табу секілді мүмкіндіктерге ие болмақ.

Ғимараттың орналасу жеріне де аса мән берілген, жанында 2 мектеп, 4 оқу орталығы, саябақ, аллея, театр, мәдениет үйі, кітапхана, аула клубы, 50 шақты көпқабатты үй бар. Мұның өзі жастармен жұмыс жүргізуге, олардың бос уақытын тиімді өткізуге қолайлы болып отыр.

Орталықтың жұмысымен танысып, жастармен сұқбаттасқан шаһар басшысы аралау соңында «Қазақстан жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Тоқтар Болысовпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер