Инвестициялық 13 жоба онлайн талқыланды

Screenshot_1.jpg

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен инвестиция жөніндегі штабтың кезекті отырысы онлайн өтті. Жаңа жобалар ұсынылған штаб отырысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі және хаттамалық тапсырмалардың сегіз ай ішінде орындалу барысы талқыланды.

Жеке кәсіпкерлер өз жобаларын «Zoom» жүйесі арқылы таныстырды. Жалпы 13 жобаның бәрі де жаман емес. Автомобиль, құрылыс, медицина саласы бойынша өндірістік кәсіпорындар, сауда, әлеуметтік нысандар және көпқабатты тұрғын үй салу жобалары қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға септігін тигізеді-ақ.

Әсіресе, үндістандық инвестор – «Маннат Хелткеар» ЖШС автомобиль қосалқы бөлшектері өндірісін салуды көздейді. Ирандық «KHZ EXPO-777» компания базальт талшықтан отқа төзімді мата өндіруді ұсынып отыр. Ал түркиялық «ОЗДИЛЬ» ЖШС компаниясы өкілдері газоблок өндірісі жобасын жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.

Одан бөлек, «Lotos Trade» ЖШС бояу материалдары, «UnitPacking» ЖШС қағаз және гофрокартон өндірісін ұсынса, «Бекназ и К» ЖШС Құрсай шағынауданынан 500 орынды мектеп салып береміз дейді. «Ай-Ару» ЖШС UEFA талаптарына сай екі футбол алаңын, «Арнат Инвест» ЖШС «Шымкент сити» шағынауданында заманауи сауда-ойын-сауық орталығын салуды, «Мейрам» ЖШС киностудия жобасын ұсынды.

Сонымен қатар, «Integra Construction KZ», «01KZ-Building», «NTR» компаниялары көпқабатты тұрғын үй құрылысын жүргізуге қызығушылық танытып отыр.

Әр жобаға жеке тоқталып өткен қала басшысы, туындаған және туындауы мүмкін деген мәселелерді сарапқа салып, нақты шешімдер ұсыну үшін тиісті сала басшыларына тапсырма берді.

Қала басшысы әр жобаға барынша көмек көрсетілетінін, жер телімі және инфрақұрылым секілді мәселелер шешімін табатынын атап өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер