Аудан әкімдері де инвестиция тартуы керек

Screenshot_4.jpg

Шымкентте негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 201,1 млрд теңгені құрады. Оның ішінде, 144,2 млрд теңге жекеменшік инвестиция, 56,9 млрд теңге мемлекеттік инвестиция. 2021 жылдың қорытындысы инвестиция көлемін 400 млрд теңгеге жеткізу жоспарланған. Айлық индикаторлардың орындару барысына қарағанда белгіленген межеге жету мүмкіндігі толығымен бар деуге болады.

Бұл жайлы қалалық инвестицялық штаб отырысында хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы да талқыға түскен шақта айтылды. Кәсіпкерлік және индустриалды-ииновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.

Жалпы 126 хаттамалық тапсырма берілген. Бүгінде оның 75-і орындалса, 51-і орындалу сатысында. Атап айтқанда, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан 79 тапсырма, энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасы тарапынан 24 тапсырма, Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы бойынша 2 тапсырама, құрылыс басқармасы тарапынан 1 тапсырма, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 1 тапсырма, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан 1 тапсырма орындалу сатысында.

Бұдан бөлек қала әкімі М.Әйтенов аудан әкімдеріне инвестиция тарту бойынша берілген индикаторлардың орындалуына талдау жасап, әр ауданға жеке тапсырмалар жүктеді.

– Берілген тапсырмаларды созбалаңға салмай, дер кезінде орындау керек. Бюрократияға орын жоқ. Біздің әрбір ісіміз барлық салаларға әсер ететінін ұмытпаңыздар. Мәселені жан-жақты ойластырып, әрі үйлестіріп отыруға міндеттіміз- деді қала басшысы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер