Қуыршақтарымен таңқалдырған Салиха

Screenshot_4.jpg

Мақтаарал ауданында «Жас кәсіпкер» жобасына 76 азамат қатысып білім алудың алғашқы легін бастады. Жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдауға бағытталған бастама Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйытқы болуымен жасалған. Қазірдің өзінде 400 ге жуық кәсіп ашам деген ниетті тұрғындар өз өтініштерін білдерген.

Солардың бірі мырзакенттік Салиха Кукиева тігіншілікті кәсіпке айналдырып отыр. Ол өзгелер секілді киім немесе көрпе тікпейді. Ол интерер қуыршақтар тігеді. Бұл идея оған маталардың қалдығын кәдеге жарату негізінде келген. Одан бөлек тойбастар,  қоржындар, өзгеде қолөнер бұйымдарын жасауға әуестенген Салиха Кукиеева мемлекеттік қолдаудың арқасында қолға алған кәсібін  кеңейтпек ниетте.

    Түркістан қаласында бір үлкен ірі жобаға қатыстық. Ол жерде небір ірі компаниялардың арасында бізде атсалысып өзімізді көпшілікке таныттық деп ойлаймын. Ол жердегі менің ерекшеленген жұмысым мына интерьер қуыршақтары ешкімде болмады. Осы қуыршақтарым бәрін таңқалдырды»,- деп ағынан жарылған  қөлөнерші алдағы жоспаларымен бөлісті: « Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. Сол қолдаудың арқасында келешекте кестелеу тігін машинасын алғым келіп отыр.  Мақтааралдың брендін жасағым келеді»,- дейді кәсіпкер.  

Бүгінде аталған жоба бойынша ауданда 75 азамат бизнес-тренерлерден білім алды. 200 айлық есептік көрсеткіш бойынша 505 000 грант негізінде берілетін қаржылай  көмекті жеңіп алып, кәсіппен айналысуда. Жалпы жыл соңына дейін жас кәсіпкер бағдарламасына ауданнан 320 адам қамтылады деп жоспарлануда.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер