Оқытып, кәсіп ашуға жол ашады

Screenshot_1.jpg

Шәуілдірлік тұрғындар «Еңбек» бағдарламасының шарапатын көріп, өз кәсібінің табысын арттырып отыр. Солардың бірі Гүлмира Еркінбекқызы бағдарламаның көмегімен тігін шеберханасын ашқан. Кішкентайынан тігінге икемі бар Гүлмира бұған дейін өзге кәсіпкердің қолында  4 жыл тігінші болған. Өз мүмкіндігіне сенген ол аудандық жұмыспен қамту орлалығы арқылы 3 айлық курсты оқып, грант жеңіп алып, кәсібін ашқан. «Нәтижелі жұмыспен қамту аясында былтыр 3 айлық курс оқығанмын. Грантпен қамтамасыз етіліп, 240 мың 500 теңге грант алып, осындай өз отбасымды асырап отыр. Қарамағымда бір адам бар»,- дейді кәсіпкер Гүлмира Сансызбаева 

Ал, Гүлзира Жанбосынова-  мамандығы бойынша басқа кәсіптің иесі. Бүгінде сұранысқа ие шаштараздың қыр-сырын үйреніп, арнайы курсты аяқтаған. Қазір осы кәсіптен нәсібін айырып отыр. Бастысы - сұраныс көп, ал сұраныс бар жерде табыстың да артары   анық. «Жұмысым өзіме ұнайды. Осы мамандықты оқығаным үшін өкінбеймін. Жоспарым шаштаразды ары қарай дамыту»,- дейді ол. 

 Отырар ауданында «Еңбек» бағдарламасына қатысушылардың  саны күннен күнге артып отырғандығы қуантады.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер