Жаңа туристік нысан қонақтарды шақырады

Screenshot_44.png

2021 жылдың 23 мамыр күн і сағат 15:00-де «Сайрам» тұрғын алабында орналасқан

«Бүркіт» әскери-спорттық базасында «Медиа-кэмпинг 2021» іс-шарасын өткізу жоспарлануда.

Іс-шараның мақсаты: Аталған туристік нысанның халық арасында танымалдылығын арттыру. Сондай-ақ, экстремалды спорттың жанкүйерлері мен қала тұрғындарына, қонақтарына тамаша көңіл-күй сыйлау.

Қорқыныш, толқу, адреналин – мұның барлығын сіз бір сәтте сезіне аласыз. Себебі кәсіби мамандардың арнайы даярлығынан соң парашютпен секіріп, таңғажайып әсерге бөленесіз. Іс-шара бағдарламасында ойын-сауықтар, спорттық сайыстар, интеллектуалдық ойындар және бизнес өкілдерінің тауарларын ұсыну мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл аймаққа саяхат жасау үшін екі адамға арналған туристік пакет құны 60 мың теңгені құрайды. Оның ішіне парашюттан секіру, атқа міну және құлпынай бағына барып жемістен дәм тату кіреді екен. Бірақ паршюттан секіру үшін алдын ала 5 сағаттық дайындық керек. Әрі келушілерге екі парашют беріледі екен, бірі істен шықса, екіншісі автоматты түрде ашылады дейді мамандар. Халық мұндай адреналинды сезінуі керек деген туризм саласындағылар неліктен «Бүркіт» базасын таңдағанын да тілге тиек етті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер