Шымкентте туристік автобустарға арналған тұрақтар пайда болды

Screenshot_50.png

Қаланың туристік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы кешенді жұмыстар аясында туристік автобустарға арналған тұрақтар қолға алынды.

Пилоттық жобаны қалалық туризм басқармасы, Шымкент қаласы полиция департаменті мен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бірлесе жүзеге асырды.

Туристік автобустарға арналған «Bus Stop» тұрақтары қала тұрғындары мен қонақтары үшін ең тартымды деген орындарда ашылуда. Алғашқы нүкте қаланың орталық бөлігі Әл-Фараби алаңында орналасқан. Мұнда келген туристер «Арбат» алаңы, «Shymkent Plaza» орталығымен таныса алады. Алдағы уақытта Бәйдібек би ескерткіші, Шымкент-Цирк, Наурыз алаңы, Дендросаябақ және Ордабасы алаңында да арнайы тұрақтар пайдалануға беріледі.

– Енді қалаға келген туристер рухани-мәдени орталық аумағында орналасқан автотұрақтарды лезде таба алады. Мұндай инфрақұрылымның қажеттілігі туралы қалалық туроператорлар көптен бері мәселе етіп көтерген еді. Қаланы туристер үшін жайлы ету мақсатындағы жұмыстар жалғасады, – дейді туризм басқармасының басшысы Олжас Шинтаев.

Қаланың туристік әлеуеті дамыту бағытындағы «Bus Stop» тұрақтары пилоттық жоба аясында іске асырылып отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер