«Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығына келуші қонақтардың басым бөлігі ұшақпен жүреді. Қазіргі таңда аэропортта келушілерге ақпараттық қағаздар таратып, туризм мамандары өз істерін белсенді атқаруда. Қалаға келген әрбір халық өзін жалғыз сезінбей, орталықтың көмегіне жүгініп, жақсы ұсыныстар мен бағдарламаларды алуына болады. Осы тұста Сол турист қонақтарды тасып жүрген "FlyArystan" әуе компаниясының да еңбегі зор.
Еліміздің тұңғыш отандық лоукостері – "FlyArystan" әуе компаниясы 2019 жылдан бастап жолаушыларға қызмет көрсетіп келеді. Авиатасымал нарығында Қазақстан бойынша ең тиімді ұшу тарифтерін ұсынып келе жатқан компанияның қызметі жолаушылар үшін қолжетімді. Жұртшылық арасында сұранысқа ие әуе компаниясымен «Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығы арасында өзара әріптестік байланыс нығайып келеді. Ішкі бағыттарымен қатар, халықаралық бағыттарда да жолаушылар тасымалдайтын "FlyArystan" әуе компаниясын бүгінгі төл мерекемен құттықмаймыз!
Алдағы уақытта ұшу қарқынының кеңеюі әрі сәтті сапарлар легін жалғастыруға тілектеспіз.