Қобыздың құлағында ойнайтын Құндыз

Screenshot_52.png

Қобыздың үні адамға ерекше әсер етеді. Ұлттық аспаптың сазы - шетелдік туристерді сиқырлы сезімге бөлейтіні рас. Бұл өнерді жалғап келе жатқан талантты жерлесіміздің бірі - Құндыз Сейіт.

Шын мәнінде, Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр. Өзін сөзбен емес, іспен дәлелдеп, өзгелерге үлгі болып жүрген азаматтарды халыққа таныстыру қажет дүние. Осы орайда қаламыздың талантты тұрғындарын, олардың өзгеге үлгі болатын іс-әрекеттерін көрсетуді мақсат еттік. Шымкент қаласы мәдениет үйінің "Қаратау" оркестрінде қобызшы болып еңбек ететін ару – Құндыз Сейіт.

Қыл қобыз – қазақтың төл аспабы. «Қарағайдың түбінен ойып алған қобызым, үйеңкінің түбінен үйіріп алған қобызым» деп жырлағандай, қыл қобыз ойылып жасалады. Оның дыбысы да жеті қат жер астынан шыққандай мұңды. Күңіренген сарын басым. Ішегі қылдан жасалады. Ал прима қобыз – заманның талабына сай оркестрге лайықталып жасалған аспап. Оны белгілі музыка зерттеушісі, академик Ахмет Жұбанов алғаш ұлт аспаптар оркестрін құрған кезде, скрипка сынды жоғары дыбысты аспап қажет болғандықтан, ойлап шығарған. Оның ішегі қылдан емес, сымнан жасалады.

Болмысы ерекше, жаны нәзік өнер иесінің шығармашылығын тамашалай отырыңыз. Бірер күнде кейіпкерміз жайлы бейнематериалды назарларыңызға ұсынамыз. Әсерлеріңізді бөлісуді ұмытпаңыздар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер