Қостанайдан келген қонақтарға туристік ақпараттық дүңгіршек пайдасын тигізді

Screenshot_53.png

Үшінші мегаполиске Қостанайлық спортшылар қонаққа келді. Құрамында 10-ға жуық мүшесі бар топ Шымкент теміржол вокзалындағы туристік ақпараттық дүңгіршекте Шымқала туралы қызықты мәліметтер алды. Құнды ақпараттарға қол жеткізген бадминтоншылар алғыстарын айтып, сапарларын жалғасатырды. Олар үшін туристік ақпараттық дүңгіршек таңсық емес. Қазақстанның өзге же қалаларына барған сайын ақпараттарды осылайша алып жүрген азаматтар екен. Олар Шымкенттегі мамандар берген құнды ақпараттарға көңілі толып қайтты.

Айтпақшы бадминтон спорты туралы не білесіз? 

Әлемге таралған белгілі бірнеше спорт ойындары бар. Белгісізі қаншама...Кең таралған ойындардың бірі – бадминтон. Бұл ерте кезден бері халық арасына кең тараған ойындардың бірі. Әуелде бұл ойын француздардың "ұшпа" деген мағынаны білдіретін "волан" сөзімен аталған.

Бадминтон теннис ойынына ұқсас болып келеді. Бұл да тегіс, жазық алаңда ойналады. Бадминтон ракеткасы теннистікінен 2-3 есе жеңіл болады. Қарсыластар арасын 155 см биіктікке керілген тор бөліп тұрады. Қос-қостан ойналатын болса, алаң 13,4 х 6,1 м, ал бір ойыншыдан болғанда 13,4 х 5,2 м болуға тиіс.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер