Сайрамда бар сансыз бап

Screenshot_60.png

Шымкент қаласы туристік ақпарат орталығының ұжымы Сайрам ауданындағы тарихи нысандарға экскурсия ұйымдастырды.

Жалпы Қазақстан аумағында туристерді қызықтыратын тарихи, мәдени әрі діни орындар саны аз емес. Мәселен, Шымкент қаласынан республикалық маңызы бар «Қазақстанның киелі жерлері» жобасына 10 шақты нысан енгізілген. Бұл деректің өзі шаһардың туристік әлеуетінің жоғары екендігін көрсетеді.

Әсіресе, туризмнің ерекеше түрі – діни туризмнің жандануы өңіраралық келуші қонақтарды тартуда маңызды рөлге ие. Тың мағлұматтар мен қызықты деректер айтылған саяхатымыздың барысын тамашалап, өз пікірлеріңізді қалдырыңыздар.

Қазақстанның өңтүстігінде қажылық бағытына кіретін ең қастерлі екі мавзолей Сайрам аумағында орналасқан. Бұл – Қожа Ахмет Ясауидің ата-аналары Қарашаш ана мен Ибрагим ата кесенелері, түркі халқының қасиетті мекені.

Қарашаш ана өз дәуірінің ең білімді әйелдерінің бірі болған. Ибрагим сопы – рухани тәлімгер және көріпкел ұстаз болған.

Сондай-ақ, Сайрамда қазақтардың құрылтайы өткен, аңыз бойынша заңдар жиынтығы, Тәуке ханның «Жеті жарғысына» қол қойылған Мәртөбе орналасқан. Мәртөбе дегеніміз - үш жүздің жыл сайын игі жақсылары жиналып, мәслихат өткізетін ауыл, төбе. 

Төбеге жақын жерде Құранда Мұсаның серігі ретінде берілген хызыр пайғамбардың, Құранды араб тілінен парсы тіліне аударған Байзави қазидың, Абдул-Азиз-Баба әскерлерінің ту ұстаушысы шейх Қожа Салихтың және басқа да әулие-әмбиелердің кесенелері орналасқан.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер