Отандық фармацевтика жандануда

Screenshot_4.png

Бүгінде «Santo» сауда белгісімен танылған Шымкенттегі "Химфарм" кәсіпорны жыл сайын 193,8 млн инъекциялық ампула, 2,6 млн инфузиялық флакон, стерильденбеген сұйық пероралды дәрілік заттардың 7,7 млн флаконын, цефалоспортин қатарындағы антибиотиктердің 35,4 млн флаконын, пенема/мицин қатарындағы антибиотиктердің 14 млн флаконын, тікелей престеу әдісімен жасалған 518 млн таблетка және ылғалды түйіршіктеу әдісімен 135 тонна таблетка өндіреді. Компанияның өндірістік портфелінде терапияның әртүрлі салаларында ауруларды емдеуге арналған 12 фармакотерапиялық топтағы 240-тан астам препарат бар.  

«Polpharma» компаниялар тобы мұнымен шектеліп қалмақ емес. Бүгінде 2020-2022 жылдарға арналған жаңа инвестициялық жоба қарқынды жүзеге асып жатыр. Ол «Химфармның» базасындағы барлық зертханаларды модернизациялауды көздейді. Бұл мақсатқа инвесторлар қосымша 38 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы жұмсауда.  Компания – Қазақстанның фармацевтикалық индустриясындағы ең ірі жұмыс беруші. Онда 1200-ден астам адам еңбек етуде. Зауыт қызметкерлері Польша және басқа да Еуропа елдерінде біліктілігін арттырып отырады. Яғни, бұл компания Шымкентте халықаралық еңбек нарығының талаптарына сай келетін білікті мамандардың үлкен шоғырын қалыптастырып отыр.  Өткен жылы коронавирус пандемиясы шарықтау шегіне жетіп, адамдар вирусты пневмонияның салдарынан жансақтау бөліміне жиі түсіп жатты. Сол кезде өкпеге жасанды тыныс беру аппараттарын өндіруді қолға алған Шымкенттегі «Қазмедприбор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болатын. Бұл – қаламыздағы фармацевтика индустриясының тағы бір ірі өкілі.Медициналық аппараттар мен құрал-жабдықтар өндіру бойынша Қазақстанда біздің компаниямен бәсекелесетін кәсіпорын жоқ десек те болады. Өткен жылдан бері күніне 20-25 ИВЛ аппараттарын жасап шығарудамыз. Сонымен қатар біз турбо қондырғысы бар ИВЛ аппараттарын, жаңа туған нәрестелерге арналған инкубаторлар мен ИВЛ аппараттарын және шприцті насостарды өндіре бастадық. Жалпы, біздің кәсіпорында медициналық құрал-жабдықтар мен бұйымдардың 300-ге тарта түрі өндіріледі. , – дейді «Қазмедприбор» ЖШС директоры Қаныбек Қанатбекұлы. 

 Оның айтуынша, 2013 жылы іске қосылған кәсіпорынға мемлекет жан-жақты қолдау көрсеткен. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында көрсетілген қолдаудың нәтижесінде өндіріс көлемі 4 есе артқан. Осы күнге дейін «Қазмедприбор» компаниясы 50 мың дана медициналық қондырғы, 150 мың дана медициналық жиһаз жасап, 1 мың жедел жәрдем автокөліктерін құрастырып шықты. Егер сұраныс болып жатса, компания жылына 1 мың жедел жәрдем көлігін шығаруға дайын.

Компанияның өнімдері республиканың барлық облыстары мен қалаларына жөнелтіледі. Қала берді шет мемлекеттерден де тапсырыс берушілер аз емес екен.

Қаныбек Қанатбекұлының айтуынша, жақында ғана Өзбекстан мен Қырғызстанның әрқайсысына 50 дана өкпеге жасанды тыныс беру аппараты жөнелтілген.Фармацевтика – жоғары технологиялар мен инновацияның қайнар көзі. Ғалымдар ем тиімді болуы үшін дәрі-дәрмекті жылдан жылға жетілдіріп келе жатыр. Әрі оның ағзаға кері әсерін азайту да маңызды міндет. Осының бәрін ескерсек, фармацевтика – ғылыммен тығыз байланысты, үнемі ғылыми ізденістер мен зерттеулер жүргізуді талап ететін сала. Демек, бұл саланың дамуы отандық ғылымның дамуына, елімізде ғылымға негізделген, ғылымға арқа сүйейтін экономиканың қалыптасуына да ықпал етеді. Өнеркәсіптің осынау маңызды секторының біздің қалада шоғырланып, осында дамуы – Шымкенттің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген үлкен жетістігі. Бұл, тіпті, шырайлы шаһарды елдегі ғылым-білім мен инновацияның, капитал мен өнеркәсіптің маңызды орталығына айналдыратын фактор десек те қателеспейміз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер