Қызғалдақтың отаны

tyulpan-2.jpeg

Шымкент ерте тіршіліктің қаласы. Елордаға көктем кеш келсе, Шымкентте қыстың соңғы айында-ақ, жайма шуақ күн нұрын төгіп, ағаштар бүр ата бастайды. Қыз¬ғалдақ ерте көктемде тіршілік пен табиғат ананың жаңарған кезінде гүл ашып, даланың ажарын келтіреді. 

Әлемдік ғалымдар Голландия мен қызғалдақты қатар ұғым санайды. Себебі, қызғалдақ Голландияға алғаш рет 1570 жылы әкелінген.Еуропаға XVI ғасырда ғана Осман империясынан жеткізіліп өсірілген. Оған дейін Иранда, Түркияда таралған. Қазір қызғалдақтың отаны Голландия сияқты көрінеді. Бұл мемлекет әлемнің 125 еліне қызғалдақ баданасын сатып жылына 2 млрд доллар пайда түсіреді. Бірақ, академик Рақым Оразалиевтің пайымынша, XX ғасырдың басында голландиялық мамандар Шымкенттің Сарыағаш тауларында өсетін қызғалдақ гүлінің тұқымын алып кеткен. 

Шымкентті қызғалдақтың отаны десек қателеспейміз. Себебі, мұнда жыл сайын қызғалдақтың неше түрі егіледі. Мәселен, биылғы көктем маусымында алғаш болып гүлдейтін,  қалаға ерекше сән беретін 1 миллион 300 мың қызғалдақ гүл егілді. Қаланың эмблемасы болып табылатын қызғалдақтың басым көпшілігі голландық сұрыптағы сары, қызыл, көк, қызғылт және күлгін түсті. Шырайлы шаһардың гүлзарлары көгілдір көктем келісімен түрлі түске көмкеріледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер