"Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Мәртебелі поэзия мінбері» апталық бағдарламасы аясында Қазақстан Жазушылар мен журналистер одағының мүшесі, Еуразиялық шығармашылық Гильдиясының мүшесі Шамшия Жұбатованың поэзиялық кеші өтті.
Кеш қонақтары мінбер төрінен орын алған Шәмшия Жұбатованың шығармашылығына тоқталды.
«Парасат» орденнің иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Сапар Өтемісов Абай Құнанбаевтың монологын орындады. Сонымен қатар, поэзиялық кеште Абай Құнанбаевтың жырлары жатқа айтылып, «Татьянаның хаты», «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы» атты әндері орындалды.
Жазушы Мархабат Байғұт, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Зылиха Жантасова Шамшия Жұбатованың шығармашылығына тоқталды. Шымкент университетінің студенттері жазушының жырларын жатқа орындады.
Айта кетейік, Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақалалары аясында Шымкент қаласында «Мәртебелі поэзия мінбері» бұрышы ашылып, игі жақсы тұлғалармен кездесу ұйымдастырылуда. Поэзия мінберіне Қазақстан ақындары шақырылатын болады. Биыл Абайдың 175 жылдығына орай, әр жұмадағы кездесуді Абайдың өлеңдерімен бастау үрдіске айналмақ. Бұл іс-шара қайырымды қаланың ақын-жазушыларына төрін ұсынған шырайлы шаһардың мәртебесі өсіретіні анық.