Ардагерлерді наурыз мерекесімен құттықтады

Screenshot_12.jpg

«Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының ұжымы «Біз біргеміз» партиялық жобасы аясында шаһар тұрғындарын наурыз мерекесімен үйіне барып құттықтап, сый- құрмет көрсетті.

Ірі мерекелердің тойланбауына тыйым салынған бұл жағдайдағы акция барысында іс-шараның басты мақсаты тұрмысы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік, рухани тұрғыда қолдау көрсетіп, оларға мерекелік көңіл сыйлау еді.

 «Биылғы наурыз осылай болып жатыр. Дегенмен тәртіпке бағыну керек. Көңілімізде, жүрегімізде мереке болу керек. Жақсылыққа сену керек. Сіз, біз, ел болып, бұл қиыншылықтан да өтеміз. Мерекені өзіңізге келіп құттықтап жатырмыз, армандарыңызға жетіңіз», - Шымкент қалалық "Nur Otan"  партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов. 

Қатерлі короновирустың алдын алу үшін антисептикалық құралдар мен медициналық бетперделер және қажетті азық-түліктерді табыстады.Мерекелік ізгі тілектерін жеткізді.Өз кезегінде ардагер ағалар нұротандықтарға риза болып, алғыстарын айтты.

«Құдай бәле-жала қауіп қатерден сақтасын. Ел аман жұрт тыныш болсын. Дендерін сау болып, жұмыстарын алға жүрсін. Алла тағала берген өмірді жасап, немере-шөбере сүйіп, біздің жасымызға келсін. Біздің көргенімізді көрмесін жастар», - деп батасын берді ҰОС ардагері Төрекелді Зорбанов.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер