Шымкент қаласында онлайн іс-шаралар бастала салысымен қаладағы Қуыршақ тетары қоштап, белсенділік танытты. Қуыршақ театрының балаларға арналған ертегісі Ыбырай Алтынсариннің «Атымтай Жомартынан» басталды. Ертегіні театр әртісі Уәлихан Олжас оқып берді. YouTube арнасы мен Facebook парақшада ертегінің толық нұсқасы беріліп, кішкентай көрермендердің қуануына себеп болды. Ертегіні оқу барысында әртістің киім кию үлгісі, өзін-өзі ұстауы, мәдениеттілігін аңғартты.
Келесі ертегіні қалалық қуыршақ театрының әртісі Исмайл Жарас оқыды. «Тасбақа, түлкі және кене» ертегісі айлалы адамдарды сабасына түсіру мақсатындағы сюжетке құрылған. Онлайн көрсетілім баланы адалдыққа, ізгі ниетті болуға шақырады. Сонымен қатар, балақай ойыншықтарымен ойнап отырып немесе өзін қызықтыратын басқа да іспен шұғылдана отырып тыңдай алатын жағдай жасалынған. Себебі бала ертегіні оқымай, тыңдау арқылы шығармашылық қиялын арттыра алады.
Шымкент қалалық қуыршақ және жасөсіпірімдер театрының онлайн режимдегі «Ертегі, тыңда балақай!» айдарын актриса Толғанай Балабек «Тышқан мен мысық» ертегісімен жалғастырды. Кішкентай көрермендер үшін күн сайын ертегі тыңдай қуаныш әкелді. Онлайн қойылым көрсету негізінен өз талантының өлшемін білетін, өзіне-өзі сенімді режис¬сер¬дің ғана қолынан келетін дүние.